Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы жағдай жасап, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Шаһардың басты көшелері мен туристік аймақтары ұлттық нақыштағы безендірулермен көмкеріліп, жаңару мен жаңғырудың символына айналған әз-Наурыздың рухы айқын сезілуде.
Қала аумағында мерекеге орай арнайы безендіру жұмыстары жүзеге асырылып, 7 нысан аумағына «Наурыз» мафтары мен баннер, билбордтар орнатылды.
Сонымен қатар, қаланың көрікті орындары абаттандырылып, сыртқы келбетіне де ерекше мән берілуде. Жарық шамдары жаңартылып, кешкі уақытта қаланың ажары айқындала түсті. Айналма жолдар бойындағы жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, жол белгілері қайта сызылып, қауіпсіздік пен қолайлылық деңгейі артуда.