Референдум күні қаладағы бірқатар сайлау учаскелерінде тұрғындар үшін таңғы сергіту жаттығулары ұйымдастырылды. Көңілді әуен ырғағымен өткен жаттығуға белсенді қала тұрғындары қатысып, күнді көтеріңкі көңіл-күймен бастады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, маңызды қоғамдық-саяси күнде бірлік пен белсенділікті арттыру. Таңғы жаттығуға қатысқан тұрғындар сергіп, көтеріңкі көңіл-күймен өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне бет алды.
Мұндай бастамалар қала тұрғындарының белсенділігін арттырып, қоғамдық өмірге қатысу мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.