ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР БҮГІН ТЕГІН ТАСЫМАЛДАЙДЫ
Бүгін елімізде конституциялық реформаларға қатысты жалпыұлттық референдум өтуде.
Түркістан тұрғындарының белсенді қатысып, маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз учаскелеріне келуін жеңілдету үшін бүгін қаладағы барлық қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді.
Референдум учаскелері кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.