КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ - «ТҮРКІСТАН ХИКАЯСЫ»

КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ - «ТҮРКІСТАН ХИКАЯСЫ»
Түркістанда “Көрісу күні - Амал мерекесі» ерекше атап өтілді. Наурызнама он күндігінің алғашқы күні қарсаңында Түркістан музыкалық драма театрында «Түркістан хикаясы» атты «Түркістан» ансамблінің шығармашылық гала-концерті өтті.
«Түркістан» ансамблі бір жылдық шығармашылық қызметін қорытындылап, көрермендерге мазмұнды әрі әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш барысында ансамбльдің жыл ішінде жарыққа шыққан үздік музыкалық туындылары орындалып, ұлттық әуен мен заманауи музыкалық бағыттар үндескен ерекше бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.
Музыкалық кеште орындалған әрбір шығарма өткен мен бүгінді байланыстырып, Түркістанның рухани болмысын музыка тілі арқылы жеткізді. Ұлттық нақыштағы шығармалармен қатар заманауи композициялар да орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Кештің құрметті қонақтары ретінде еліміздің танымал өнер майталмандары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, Қанат Айтбаев, Светлана Айтбаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Досымжан Таңатаров және Зарина Божакова көрерменге таңдаулы музыкалық тартуларын ұсынды.
Аталған гала-концерт Түркістан өңіріндегі мәдени өмірдің жарқын көрінісіне айналып, көрермендерге рухани әсер сыйлаған тағылымды өнер кеші болды.