Түркістан қаласы әкімдігінің веб-сайтында «Халық қатысатын бюджет» сілтемесі ашылған, Түркістан қаласын көркейту және абаттандыру мақсатында өз жобаларыңызды ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін сайтына жүктей алатындарыңызды хабарлаймыз. Өз жобаларын кәмелетке толған кез келген қала тұрғыны ұсына алады.
Жобаны ұйымдастыру туралы ережесі сайтқа жарияланады.
«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде мынадай іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкімдік (әкім аппараты) іске асырады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар,
скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8)аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Жобалық ұсыныстарға болжамды сметалық есептеулер, сондай-ақ қазіргі күйдің фотосуреттері мен жобаның фотосуреті / эскизі / макеті / схемасы / қалауыңыз бойынша презентация (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) қоса тіркеу қажет.
Егер жобалық ұсынысты дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылады.
Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.