Сіздерді 15 наурыз күні сағат 09:00-де Түркістан қаласында өтетін жәрмеңкеге шақырамыз!
Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Отырар» мөлтек ауданы (ШНОС), №17 көпқабатты тұрғын үйдің автотұрағы (А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінің маңы).
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорының тауарлары нарықтағы бағадан 30–50 пайызға төмен бағамен ұсынылады.
Баршаңызды жәрмеңкеге келіп, сапалы тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз!