«Түркістан хикаясы»

«Түркістан хикаясы»
Әрбір қаланың өз үні, өз тынысы, өз тарихы болады. Сол үн – ғасырлар қойнауынан жеткен шежіре, сол тыныс – бүгінгі ұрпақтың арманымен үндескен өмір. Осындай терең тарих пен рухани сабақтастықтың мекені – Түркістан.
Түркістан музыкалық драма театрының жанынан құрылған “Түркістан” ансамблі бір жылдық шығармашылық жолын “Түркістан хикаясы” атты гала концертпен қорытындыламақ. Бұл кеш – тек ән мен күйдің мерекесі ғана емес, Түркістан топырағында бастау алған, өнер арқылы өз жолын іздеген, жаңашылдыққа ұмтылған жандардың шынайы хикаясы.
Кеш барысында көрерменді ұлттық әуен мен заманауи ырғақ үндескен ерекше музыкалық сапар күтеді. Әр композиция – өткен мен бүгінді жалғаған бір парақ, әр әуен – Түркістан рухының жаңғырығы.
Бұл кеш – Түркістанның өз хикаясын музыка тілінде баяндайтын ерекше кездесу.