МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРТ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРТ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов жүзге жуық ғұмыр кешкен ақ жаулықты аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының арнайы құттықтауын жеткізіп, елге еңбегі сіңген, саналы ұрпақ тәрбиелеп, өнегелі өмір жолымен көпке үлгі болып отырған аналарға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, қоғамда аналардың орны ерекше екенін атап өтіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақ батасы кейінгі буын үшін үлкен өнеге екенін жеткізді.
Мерекелік кездесулер барысында ғасыр жасаған аналарға арнайы сый-сияпат табысталып, жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды.