ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР!

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құттықтаймыз!
Әйел – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі, ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы күш.
Бүгінде Түркістан қаласында әйелдер қауымы қоғам өмірінің барлық саласында белсенді еңбек етіп келеді. Білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет, мәдениет пен спорт салаларында мыңдаған әйелдер табысты қызмет атқарып, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Қала тұрғындарының елеулі бөлігін құрайтын нәзік жандылар тек кәсіби жетістіктерімен ғана емес, отбасының берекесін арттырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында да үлкен жауапкершілікті абыроймен атқарып келеді. Мемлекет тарапынан әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, кәсіпкерлігін дамытуға, ана мен балаға қолдау көрсетуге бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Қала өмірінде түрлі салада табысқа жетіп, қоғам дамуына үлес қосып жүрген белсенді әйелдер – баршамыз үшін үлкен мақтаныш. Түркістандық арулар білім мен ғылымда, мәдениет пен спортта, қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жетіп, ел мерейін асқақтатып келеді.
Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз махаббат пен қуанышқа толы болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Құрметпен, Түркістан қаласы әкімдігі