ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАП ЖҮРГЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАП ЖҮРГЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Түркістан қаласы әкімідігінің қызметкерлері қала тазалығын сақтап жүрген аяулы аналарды арнайы құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бұл күні қала басшылығы еңбектерімен қала тазалығына үлес қосып жүрген әйелдерге құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы маңызды рөлін жоғары бағалады.
Қала тазалығына аянбай үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар табыстап, мерекеге орай арнайы сый-құрмет көрсетті. Өз кезегінде тазалық қызметкерлері қала басшылығының назарын бағалап, алғыстарын білдірді.