МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕКЕ МЕНЕДЖЕР АРҚЫЛЫ АЛУ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙТІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕКЕ МЕНЕДЖЕР АРҚЫЛЫ АЛУ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙТІЛДІ
2025 жылы 60 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған.
«Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі және азаматтарға басымдықпен қызмет алуға мүмкіндік береді . Қызметті пайдалану үшін тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт жасалады. Осыдан кейін маман құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке сүйемелдеу көрсетеді.
Қызмет құны:
– ХҚКО-ларда – 5 697 теңге;
– мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге .
ХҚКО-ға келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің үйге бару форматы қарастырылған. Маман алдын ала берілген өтінім негізінде келісілген уақыт пен мекенжайға барады . Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге .
Алайда бұл форматта паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері көрсетілмейді .
Көшпелі қызметке өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен «Жеке менеджердің үйіне бару» қызметін таңдап, онлайн өтінім қалдыру қажет . Сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кеңес алып, өтінім беруге болады .
Аталған сервис әсіресе жұмыс кестесі тығыз азаматтар, кәсіпкерлер және кішкентай баласы бар ата-аналар арасында сұранысқа ие. Жеке менеджер қызметі мемлекеттік қызметтерді алдын ала жоспарлап, күту уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік береді.