Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы ардагерлер кеңесінің мүшелері және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында қалада атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында Мадияр Бақтыбайұлы облыс орталығында жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама қоғам өкілдерімен, әсіресе өмірлік тәжірибесі мол аға буынның ақыл-кеңесі мен батасын ескере отырып іске асырылуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жаңа жобаларды іске асыруда ашық диалог пен қоғамдық талқылаудың маңызы зор екеніне тоқталды.
Кездесу соңында ардагерлер тарапынан бірқатар ұсыныстар беріліп, қоғамдық келісім мен жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды.