Қазақстан құрамасы Словакия мен Ирландия құрамаларына қарсы ойнайды. Матчтардың нақты басталу уақыты әзірге белгісіз. Билеттерге қатысты толық ақпарат алдағы уақытта жарияланбақ. Айта кетейік, биыл 9 -шы маусымда Түркістанда Қазақстан мен Венгрия құрамалары жолдастық кездесу өткізеді.