КЕЗЕКТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, облыс тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен әр аптаның жұма күндері тұрақты түрде жәрмеңкелер өткізіліп келеді.
Кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Түркістан қаласы, Майкотов көшесінде орналасқан №22 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің автотұрағында ұйымдастырылды. Сауда алаңында қала тұрғындары мен қонақтарына кең көлемде отандық өнімдер ұсынылды.
Жәрмеңкеге облыс аумағындағы аудандардан тікелей жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылып, негізгі азық-түлік тауарлары нарықтағы орташа бағадан 30–50 пайызға төмендетілген бағамен сатылды.