СЛОВАКИЯ МЕН ИРЛАНДИЯ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛЕДІ

СЛОВАКИЯ МЕН ИРЛАНДИЯ ТҮРКІСТАНҒА КЕЛЕДІ
UEFA European Under-21 Championship іріктеу кезеңі аясындағы наурыз айындағы Қазақстан жастар құрамасының (U-21) матчтары Түркістан Арена стадионында өтеді.
Жақында қалаға Словакия құрамасының делегациясы келді. Қонақтар стадионды және команда орналасатын бес жұлдызды қонақүйді аралап көрді. Олар қаланың тазалығына, инфрақұрылымның көркемдігіне және ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығына баға берді
Алдағы күндері Ирландия құрамасының делегациясының да келуі күтілуде
📅 Қазақстан – Словакия кездесуі 27 наурызға жоспарланған
📅 Қазақстан – Ирландия матчы 31 наурыз күні дәл осы аренада өтуі мүмкін
Түркістан – үлкен футбол мерекесіне дайын!