Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысымен облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Өңірде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы нәтижесінде орташа айлық жалақы III тоқсанның қорытындысымен 288,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артты.
Өткен жылы өңірде ауқымды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылды. Аталған бастамалар аясында 130 769 адамды еңбекпен қамту бағдарламаларына тарту жоспарланып, нақты шаралар қабылданды. Оның ішінде 45 086 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, 57 221 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп, өңірдегі жұмыс орындарының санын арттыруға басымдық берілді. Бұдан бөлек, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бағдарламасы аясында 22 595 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалды.
Сондай-ақ 1 793 азаматқа грант беру арқылы өз ісін бастауға қолдау көрсету, 4 074 адамды электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру межесі қойылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысымен 147 719 адам жұмыспен қамтылып, еңбек нарығындағы белсенділік артты. Оның ішінде 48 032 азамат мемлекеттік жұмыспен қамту шараларына қатысса, ал 99 687 адам жаңа жұмыс орындарын жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шаралардың тиімділігін көрсетеді.