ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары мен қонақтары!
Кентау электр желілері кәсіпорнына қарасты 35/10 кВ «Новая» қосалқы станциясында апатты жағдайдың алдын алу мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 3 ақпан күні түнгі сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Аталған уақыт аралығында электр қуаты төмендегі қала аумақтарында болмайды:
Яссы тұрғын алабы (Оралман, Тұран аудандары, Кентау трассасы бойы),
Отрар тұрғын алабының көшелері: Ж. Кенжебай, Накипова, Майлы қожа, Жүнекей, Сатыбалды, Үкаш-ата, Рүстемова, Карменова, Тараз тұйығы.
Сондай-ақ осы көшелер аумағында орналасқан мекемелер, білім беру және кәсіпкерлік нысандар, облыстық жедел жәрдем қызметі, ДВД, Шыностаты шағынауданындағы 5–9 қабатты тұрғын үйлер уақытша электр энергиясы өшіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.