ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі қала аумағындағы құрылыс нысандарына тұрақты бақылау жүргізуде.
Тексеру барысында Түркістан қаласы, Шымкент тас жолы көшесі, №22 мекенжайында орналасқан нысан бойынша бекітілген жобадан ауытқып салынған құрылыс бөлігінің бар екені анықталды. Аталған заң бұзушылыққа байланысты Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен рұқсатсыз салынған бөлік жауапкердің өз қаражаты есебінен бұзылуда.
Осыған байланысты кәсіпкерлер мен құрылыс салушыларға құрылыс жұмыстарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдей отырып жүргізу қажеттігі ескертіледі.
Сәулет бөлімі құрылыс жұмыстарын бекітілген жобаға сай жүргізуге және қала сәулеттік келбетін сақтауға шақырады.