Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Түркістан қаласында көктемгі мезгілде таулы аймақтардан келетін тасқын сулардың алдын алу және су басу қаупін азайту мақсатында Есімхан даңғылы – Аэропортқа апаратын тас жол мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының қиылысында Шаға каналының құрылысы жүргізілуде.
Осыған байланысты 2026 жылғы 2 ақпан мен 30 сәуір аралығында сызбаға сәйкес аталған аумақта көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Көлік қозғалысы Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан бақылауда болады.
Уақытша жол белгілеріне назар аударып, қауіпсіздік талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.