Түркістан қалалық Балалар және жасөспірімдер спорт клубының шахмат бөлімінің спортшысы Нұрислам Сұлтанхан Қазақстан Республикасының чемпионатында шахматтың блиц түрінен алтын медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Сонымен қатар, ол классикалық шахмат пен рапид түрлерінен үздік ондыққа енді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 10 жас санатындағы 121 спортшының арасынан суырылып шығып, жеңіс тұғырынан көріну — жас шахматшының табандылығы мен жүйелі дайындықтың айқын дәлелі.
Бұл жарқын жетістіктің артында спортшының тынымсыз еңбегімен қатар, білікті жаттықтырушы Қуанышбек Джумадуллаевтың кәсіби шеберлігі мен шахмат нұсқаушысы Алима Пашанованың жанкешті еңбегі тұр.
Жас дарынды жеңісімен Түркістан қалалық Балалар және жасөспірімдер спорт клубының директоры Нұрланәлі Сыздықов арнайы құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тіледі.