КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бекболдының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысы барысында кәмелетке толмаған балаларға қатысты 7 мәселе қаралды. Атап айтқанда, жиналған іс-құжаттар негізінде балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жауапты мекеме өкілдері баяндама жасап, тиісті ұсыныстар мен қорытындылар ұсынылды. Комиссия мүшелері тарапынан талқылау жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес нақты шешімдер қабылданды.
Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту, профилактикалық шараларды жүйелі түрде жалғастыру және жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар жүктелді.