Түркістан қалалық БЖСК шахмат бөлімінің спортшысы Әсия Асылхан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Ел біріншілігінде классика бойынша өткен 9 тур қорытындысында 1052 қатысушының арасынан топ жарып, үздік нәтиже көрсетті.
Жарыс барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен облыстық спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Батырханұлы жас спортшыға қолдау білдірді.Әсияның жеңісіне үлес қосқан бапкерлері Асхат Майкотов, Қуанышбек Джумадуллаев және спорт нұсқаушысы Алима Пашанова.
Айта кетейік, Әсия соңғы үш жыл қатарынан Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы атанып келеді.
Жас чемпионды, оның ата-анасын және бапкерлерін айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!