ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТҮЛЕК!

ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТҮЛЕК!
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орнын үздік аяқтаған (GPA 3,33-тен жоғары) түлектер үшін жаңа мүмкіндік қарастырылған.
Атап айтқанда, аталған санаттағы түлектер аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалу құқығына ие.
Осы мүмкіндікке қатысты қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген мекенжайға келуге немесе байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Мекенжай:
Жаңа қала, Департаменттер үйі,
«А» блогы, 2-қабат, 295-кабинет
Байланыс нөмірлері:
8 (72533) 5-94-73
8 702 850 60 67