Түркістан қаласында зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыру, денсаулығын нығайту және қоғамдағы белсенділігін қолдау мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталығы жүйелі түрде жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда қала аумағында орталықтың 3 бөлімі тұрғындарға қызмет көрсетуде. Аталған бөлімдер арқылы жыл сайын 5 000 зейнеткер түрлі әлеуметтік және сауықтыру бағытындағы қызметтермен қамтылады.
Орталықта зейнеткерлер үшін дене белсенділігін арттыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік және мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл бағыттар аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын ұстануына және қоғаммен тығыз байланыста болуына ықпал етеді.
Белсенді ұзақ өмір орталығы – зейнеткерлердің әлеуетін арттыруға, олардың өмірге деген құлшынысын күшейтуге және әлеуметтік қолдауды кеңейтуге бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.