ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ
Түркістан қаласының тұрғындары назарына!
Ертең, 21 қаңтар күні Кентау электр желілері кәсіпорнына қарасты 35/10 кВ «Шой» қосалқы станциясында апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Түркістан қаласының бірқатар аумақтарында электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Атап айтқанда, Отырар тұрғын алабындағы Коммунизм, Ортақ, Шаульдер трассасы аумақтары, сондай-ақ Сапарбай болыс, Алматы, Гаухар-ана, Оразбаева, Мәдениет, Мусаева, Яссы, Қалдаяқова, Датқа, Әл-Қожа, Төлегенова, Рысқұлбекова, Медеу, Рахимова, Келес, Нұротау, Ойсылқара, Шаян, Рыспекова, Қамбатырова, Жолынбет, Ибрагимова көшелерінде және аталған аумақтарда орналасқан барлық мемлекеттік мекемелерде, білім беру және кәсіпкерлік нысандарында электр қуаты уақытша берілмейді.
Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұраймыз.