Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайрат Балабиев және Нұрсұлтан Байтілесовпен қала активінің ресми кездесуі өтті.
Кездесуде қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын, қаланы кешенді дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауының арқасында Түркістанның елдің әлеуметтік, мәдени және туристік орталықтарының біріне айналып келе жатқанын атап өтті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бастаған рухани мұраларды сақтау мен заманауи инфрақұрылымды қатар дамыту – қаланың басты басымдықтарының бірі екендігі айтылды.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайрат Балабиев пен Нұрсұлтан Байтілесов қала дамуына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, заңнамалық және әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында Түркістан қаласына көрсетілетін қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Есенәлімұрат Ізтілеуов сөз сөйлеп, қаланың тарихи-рухани маңызын, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың өзектілігін атап өтті.