ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРТЕГІГЕ ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРТЕГІГЕ ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІ ӨТТІ
Түркістан мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ерекше балаларға арналған Жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кешке қала әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібеков арнайы қатысып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Қуаныш Нұржанұлы өз құттықтау сөзінде жас жеткіншектерге денсаулық, жарқын болашақ, оқу мен шығармашылық жолында табыс тілеп, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының атынан арнайы құттықтау хаттары мен сыйлықтарын табыстады.
Мерекелік шараға 40-қа жуық бүлдіршін қатысты. Шара аясында балаларға арналған ертегілік қойылымдар, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.