❄️Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын Түркістан қаласында мерекелік атмосфера айқын сезіле бастады

❄️Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын Түркістан қаласында мерекелік атмосфера айқын сезіле бастады
Қала аумағында кешенді безендіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен қонақтар үшін серуендеп, демалуға қолайлы орта қалыптастырылуда.
Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын бірнеше локацияны назарларыңызға ұсынамыз:
⚡️Әкімшілік-іскерлік алаңы – кең ауқымда безендірілген, жарық шамдары мен мерекелік инсталляциялары үйлесім тапқан, қаладағы ең көрікті орындардың бірі.
⚡️Karavansaray кешені – кешкі серуенге қолайлы, отбасымен және достармен уақыт өткізуге ыңғайлы аймақ.
⚡️Жаңа қала аумағы – көшелер мен қоғамдық кеңістіктердегі әсем безендірулер тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлауда.
⚡️Жеңіс саябағы – Ескі қала аймағында орналасқан, тыныш әрі жайлы серуендеуге лайық орын.
⚡️Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін Мұз сарайы да қызмет көрсетуде. Мұнда күнделікті жаппай сырғанау ұйымдастырылып, қысқы демалысты белсенді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік жасалған.
Ал сіздер тағы қандай жаңа жылдық локацияларды білесіздер? 🎄