ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК КЕШІ ӨТТІ
Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен балаларға арналған дәстүрлі Жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Шараның басты мақсаты – жас өрендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың жаңа жылды қуанышпен қарсы алуына жағдай жасау болды.
Мерекелік кешке Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қала басшысы өз құттықтау сөзінде балаларға зор денсаулық, шат-шадыман балалық шақ, оқу мен шығармашылық жолында толағай табыс тілеп, еліміздің жарқын болашағы саналатын жас ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Іс-шара аясында балаларға арналған мазмұнды әрі қызықты мерекелік бағдарлама ұсынылды. Сахна төрінде ертегілік қойылымдар қойылып, ойын-сауық бағдарламалары мен түрлі шығармашылық өнер көрсетілімдері ұйымдастырылды. Сондай-ақ шырша шамын жағу рәсімі салтанатты түрде өткізіліп, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен көңілді қойылымдар сахналанды. Балет әртістері мен өнерпаздардың әсем өнері бүлдіршіндерге ерекше әсер қалдырып, кештің соңында қала әкімінің атынан арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.