ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістанда дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жалғасуда. "Н. Назарбаев аллеясы", "Гүлдер саябағы" және Рухани-мәдени орталықтағы өзге де қоғамдық орындарда залалсыздандыру жүргізілді. Бүгін де Б. Саттарханов даңғылы бойындағы дәріхана, дүкен, аялдамалар дезинфекцияланады.
Құрметті қала тұрғындары!
Сыртқа шыққанда үнемі медициналық бетперде тағып, арақашықтық сақтап, антисептик қолданып жүрулеріңізді өтінеміз.