Түркістан қаласында заңсыз орналастырылған жарнамаларды анықтау, ретсіз сауданы болдырмау және кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін талапқа сай келтіру мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін бірқатар ретсіз жарнамалар алынып, қала келбетіне зиян келтіретін құрылымдар жойылды.
Тексеру жұмыстары барысында сыртқы жарнамалардың орнатылу тәртібі, рұқсат құжаттарының болуы, маңдайша мәтіндерінің эстетикалық және тілдік талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ сауда нүктелерінің тек арнайы белгіленген аумақтарда ғана жұмыс істеуі қатаң назарға алынды.
Бұл шаралар Түркістан қаласының 2025 жылы бекітілген дизайн-кодын іске асыру мақсатында жүргізілуде. Дизайн-код қала аумағындағы ғимарат қасбеттері, жарнамалық құрылымдар, шағын архитектуралық формалар, ақпараттық белгілер мен абаттандыру элементтерінің бірыңғай стильде рәсімделуін қамтамасыз етуді көздейді.