БАУЫРЖАН БАЙБЕК АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ

БАУЫРЖАН БАЙБЕК АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ
Түркістан қаласына "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы іссапармен келіп, праймериз үміткерлері мен партия мүшелерімен кездесті. Жиын барысында "Nur Otan" партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюпов «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының жобасын ұсынды.
Жоба аясында халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін Дамудың жеті басымдығы атап өтілді. Мүдделі мақсаттар алдағы бес жыл ішінде орындалуы бойынша нақты шешімдер қойылған. Атап айтсақ, тұрғындарды лайықты жалақымен қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шағын және орта бизнесті дамыту, туризм саласының дамуына ерекше басымдық беру сынды бірқатар мәселелер қамтылған.
 
"Ашық және есеп беретін жергілікті органдар" жобасы бойынша "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұстанған Халықтық әкімдік ғаламтор желілерінде белсенділігін жоғалтпай келеді. Жуық арада 109 қызметі әкімдікте іске асқалы отыр. Бұл жергілікті атқарушы органға келіп, уақыт жоғалтпауға сеп болады. Және аталған бастама өз кезегінде пандемияның алдын алуға да мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деген Рашид Абатұлы халық көкейіндегі мәселелердің шешілуінде кері байланыстың маңыздылығын атап өтті.
 
Бауыржан Қыдырғалиұлы тұрғындардан түскен қандай да ұсыныстар маңыздылығына қарай қарастырылуы қажет екенін айтып, Түркістан қаласының праймеризге қатысудағы белсенділігі үшін алғыс білдірді.