ЖӘРМЕҢКЕГЕ 30 ТОННА ӨНІМ ҚОЙЫЛДЫ

ЖӘРМЕҢКЕГЕ 30 ТОННА ӨНІМ ҚОЙЫЛДЫ
Түркістан қаласында жәрмеңке бұл аптада да жалғасын тапты. "Алтын бұлақ" автобекетінде өткен сауда алаңында Қазығұрт, Мақтаарал аудандары және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылды.
Атап айтсақ, картоп 80-90 тг, пияз 50 тг, жылқы еті 1800 тг, сәбіз 70 тг, қырыққабат 60-65 тг, қауын, қарбыз, асқабақ бір келісі 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200, алма 120-200, қызанақ 70-100 тг аралығы, қияр 120 теңгені құрады.
Жалпы, бүгінгі жәрмеңке аясында 30 тонна өнім қойылып, ертең де жалғасын табады деп күтілуде.