ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ АЗИЯНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ АЗИЯНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Түркістан қалалық Балалар және жасөспірімдер спорт клубының жас спортшысы Нұрислам Сұлтанхан шахматтан өткен Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, тамаша нәтижеге қол жеткізді.
Классика түрі бойынша жоғары деңгейлі ойынымен ерекшеленген Нұрислам 98 елден келген қарсыластарының арасынан суырылып шығып, жекелей есепте күміс медаль иеленді. Ал Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, командалық есепте алтын медальға ие болды.
Жасөспірімдер спорт клубының ұжымы Нұрислам Сұлтанханның бұл жетістігін зор мақтанышпен қабылдап, жас спортшының алдағы блиц ойынында да табысқа жететініне сенім білдіреді.