Сіздерді 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шараларға шақырамыз!
Сағат 11:00-де Рәміздер алаңында облыс әкімі Н. Көшеровтың қатысуымен
Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтеді.
Одан кейін ұлттық спорт түрлерінен жарыстар Мұз сарайының жанындағы алаңда өтеді.
Кешкі сағат 18:00-де эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.
Баршаңызды ұлт мерекесі – *Республика күнін* бірге атап өтуге шақырамыз!