Республика күніне орай Түркістан қаласында орналасқан «Ханшайым Plaza», «Караван сарай» және «Тұран Mall» ойын-сауық орталықтарында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған жеңілдіктер ұйымдастырылуда
Мерекелік шара аясында сауда және ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер мен қызмет көрсету нысандары келушілерге арнайы бағалар мен акциялар ұсынып отыр.
Жеңілдіктер қала тұрғындарының мерекелік көңіл күйін көтеріп, отандық және халықаралық брендтердің өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін береді.