Ертең, 17 қазан күні сағат 10:00-де, Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында Республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өтеді.
Бұл байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген жыр мен сөздің жүйріктері бас қосып, ұлттық өнердің мерейін үстем етпек.
Байқаудың мақсаты — ұлттық өнерді, тіл мәдениетін және дәстүрлі ән-терме мұрасын кеңінен насихаттау, ұмыт бола бастаған туындыларды жаңғыртып, жаңа орындаушыларға жол ашу.
Жас өнерпаздардың шеберлігін шыңдап, халықтық өнердің рухани тамырын жалғау — осы шараның басты мұраты.
Келіңіздер, сырлы саздың, ұлттық рухтың, терме мен жырдың мерекесіне куә болыңыздар!

Өтетін орны: «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасы

Басталуы: 10:00