Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары назарына!

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары назарына!
Түркістан қаласы, Кентау электр желісі тарапынан жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қала аумағында электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Бүгін сағат 10:20-дан 10:50-ге дейін ҚС 35/6кВ «Антибиотик» қосалқы станциясында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Сауран т/а, Хлопзавод, ТГЖД және Турпоселок аумақтарында электр қуаты уақытша өшеді. Бұл аймақтарда жеке тұлға ретінде тіркелген 2614 абонент және заңды тұлға ретінде тіркелген 112 абонент бар.
Бүгін, 28 тамыз күні сағат 11:10-нан 11:50-ге дейін ҚС 35/10кВ «ЦРП-2» қосалқы станциясында да жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде Шауғар т/а, Ортақ, Ремзавод және Новостройка аумақтарында электр энергиясы уақытша ажыратылады. Бұл аумақтарда жеке тұлға ретінде тіркелген 2932 абонент және заңды тұлға ретінде тіркелген 101 абонент бар.
Азаматтардың тұрмысына қолайсыздық туындамауы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Уақытша қолайсыздық үшін түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.