Түркістан қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке қабылдау алдын ала бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. 2025 жылдың III тоқсанына арналған қала әкімі, оның орынбасарлары және бөлім басшыларының жеке қабылдау кестесі төмендегідей жүргізіледі:
Қала басшылығының қабылдауы:
• Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы – әр айдың үшінші сәрсенбісінде қабылдау өткізеді. Келесі қабылдау 27 тамыз күні, сағат 11:00-де өтеді.
• Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы – әр айдың екінші бейсенбісінде қабылдайды. Келесі қабылдау 28 тамыз күні, сағат 11:00-де өтеді.
• Қала әкімі аппаратының басшысы Әлібеков Қуаныш Нұржанұлы – 27 тамыз және 17 қыркүйек күні, сағат 15:00-де қабылдау өткізеді.
Бөлім басшыларының қабылдауы:
• «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімінің басшысы Төлепов Мұхтар Ақжігітұлы – 3 қыркүйек, сағат 15:00-де.
• «Сәулет және қала құрылысы» бөлімінің басшысы Көшенов Мұхит Қадырұлы – 9 қыркүйек, сағат 15:00-де.
• «Экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Булегенов Олжас Пердебайұлы – 10 қыркүйек, сағат 15:00-де.
• «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің басшысы – 11 қыркүйек, сағат 15:00-де.
• «Ішкі саясат» бөлімінің басшысы Тоймахан Шоқан Баймаханұлы – 24 қыркүйек, сағат 15:00-де.
• «Жер қатынастары» бөлімінің басшысы Досжанов Бауыржан Абаевич – 24 қыркүйек, сағат 15:00-де.
• «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің басшысы Ұлан Жамбылұлы – 25 қыркүйек, сағат 15:00-де.
• «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Бейсенова Эльмира Тунгушбаевна – қыркүйек айында, сағат 15:00-де қабылдау өткізеді.