ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халықты қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Қала тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетіп келе жатқан 26 әлеуметтік дүкеннің қатары биыл жаңа нысандармен толықты.
Жеке кәсіпкерлердің қаржысы есебінен 4 жаңа әлеуметтік дүкен ашылып, 1 жылжымалы дүкен пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Жаңа қала, 9-көше, №22/1 үйдің алды, Жаңа қала, 24-көше (3 нүктеде орналасқан), Хақназар хан көшесі бойында ашылды.
Нәтижесінде, бүгінде жалпы саны 31 әлеуметтік дүкен тұрғындарға қолжетімді бағамен күнделікті тұтынуға қажетті негізгі азық-түлік өнімдерін ұсынып отыр.
Әлеуметтік дүкендер санитарлық талаптарға сай жабдықталып, әкімдік тарапынан тауарлардың сапасына тұрақты бақылау жүргізілуде. Алдағы уақытта дүкендердің санын арттыру және қала аумағында кеңінен орналастыру бағытында нақты жұмыстар жалғасын таппақ.