Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһар аумағындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сапар барысында алдымен А.Тұтқабай көшесі мен Сапарбай болыс көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Сонымен қатар М.Әбенова көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары мен Тұран мөлтек ауданындағы Айтуар би көшесіндегі орташа жөндеу жол құрылыстарын аралады.
Бұдан бөлек қала басшысы Б.Майлин көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын және О.Жандосов көшесінде аяқталған реконструкциялау нәтижесін тексерді. Әзімбек Пазылбекұлы жауапты мердігерлерге сапаны басты назарда ұстап, жолдардың тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ ,қала басшысы индустриалды аймақтағы кешеннің құрылысы жүргізіліп жатқан аумақта болып, жобаның жүзеге асу жоспарымен танысты. Бұл кешеннің іске қосылуы қала экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік тудырады деп күтілуде.
Қала әкімі сапар соңында әр нысан бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.