ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихат мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті. Жиынға Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп, отырысты ашып жүргізді.
Комиссия жұмысына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы, сондай-ақ қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Белегенов баяндама жасап, есепті мерзім ішінде атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштерді ортаға салды.
Талқылау барысында депутаттар баяндамашыға нақты сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Мәжілісте айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстар тиісті түрде пысықталып, алдағы уақытта жұмыс барысында ескерілетін болды.