Түркістан қаласының ажарын айшықтай түскен муралдар – бұл тек ғимарат қабырғаларындағы суреттер емес, халқымыздың тарихын, болмысын, рухын және табиғатын бейнелейтін көркем туындылар

Түркістан қаласының ажарын айшықтай түскен муралдар – бұл тек ғимарат қабырғаларындағы суреттер емес, халқымыздың тарихын, болмысын, рухын және табиғатын бейнелейтін көркем туындылар
Суреттерде – қазақтың қасиетті жылқысы мен киелі күн бейнесі, батырлықтың символы тұлпар ізі, Абай мен Қожа Ахмет Ясауи сынды ұлы тұлғалардың бейнелері, сондай-ақ достық пен көпұлттылықты паш ететін бейнелер орын алған.
Әрбір мурал – қаланың өзіндік үнін жеткізіп, тұрғындардың күнделікті өміріне шабыт пен серпін береді.