ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – ол жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау.

Бүгінгі күні талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттің басты міндеттеріне айналды.

Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифтер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» баса айтқан болатын.

Бұл ретте, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі берілді.

Бүгінгі таңда, республикада осы мүмкіндікті пайдаланған 530-дан астам түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналассa, олардың 47-сі Түркістан облысына тиесілі.

Яғни, бітіруші түлектер аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға және аумақтық департаменттердің аудандық бөлімшелеріне конкурсыз орналасады.

Бұл мүмкіндік білімді жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетті.

Осы тұста, жоғары оқу орнын бітірген түлектерді мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістерді тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз.

Суртеков Дархан Әшірханұлы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті
басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі