Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары мұқият тыңдалып, әрқайсысына жеке тоқталып, нақты шешу жолдары қарастырылды.
⠀
Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасуға қатысты болды.
⠀
Қабылдау барысында бірнеше мәселе сол мезетте шешімін тауып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Ал, бірқатар өтініштерге қатысты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.
⠀
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары тұрғындармен кері байланыс орнату, азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытында ашық әрі тиімді жұмыс жүргізу – басты назарда болатынын жеткізді.