Бүгін Түркістанда кіші футболдан өткен «Әуесқой футбол лигасы» ойындарының көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті.
Маусымның қорытынды шарасы «Ұлы Дала Елі» орталығында ұйымдастырылып, оған қатысқан барлық командалар мен футболсүйер қауым жиналды.
Аталған маусымда А, Б, С, Д, +35 жас және Супер лига санаттары бойынша жалпы 75 команда бақ сынап, тартысты әрі қызықты ойындар көрсетті. Маусым қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар салтанатты түрде марапатталды.
Супер лига бойынша жүлделі орындарды иеленген үздік командалар анықталды. Бірінші орынды – «MFC YASSI GOROD», екінші орынды – «BEKZAT», ал үшінші орынды – «
MARKA.KZ» командасы жеңіп алды.
«А» тобы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар қатарында бірінші орынды «EPSON» командасы иеленсе, екінші орынды – «FC ZHUINEK», үшінші орынды – «ҚАЛА ЖАСТАРЫ» командасы еншіледі.
«Б» тобының жеңімпаздары ретінде бірінші орынға «MFC BIRLIK», екінші орынға – «TGJD ZHASTARY», ал үшінші орынға – «СПОРТ КЕНТАУ» командалары ие болды.
«С» тобының қорытындысы бойынша бірінші орын «ФК ШОРНАҚ ПРИНТ» командасына бұйырды. Ал екінші орынды – «FC NOMAD», үшінші орынды – «FC SHAMSHI» командалары иеленді.
«Д» тобы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен «HOME ELEKTRIC» командасы бірінші орынды, «QUSSHY-ATA» екінші орынды, ал «Agrocity-Shypan» үшінші орынды қанжығасына байлады.
+35 жас санатында бірінші орынға «NURTAU COMPANY», екінші орынға – «
MARKA.KZ», ал үшінші орынға – «FC GOROD» командасы лайық деп танылды.