ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТРОКАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТРОКАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан қаласындағы Мәдени-рухани орталық аумағында туристерге сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында электрокар жүргізушілерінің қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді.
Атап айтқанда, жүргізушілердің бірыңғай киім үлгісі мен қызмет көрсету әдебінің сақталуын бақылау үшін күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар Жергілікті полиция қызметі мен Түркістан қаласы әкімдігінің Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің мамандарының бірлесуімен жүзеге асуда.
Нәтижесінде, электрокар жүргізушілері арнайы формамен қамтамасыз етіліп, туристермен қарым-қатынас жасау әдебі мен мәдениеті бойынша түсіндірмелер жүргізілді.
Бұл бағыттағы бақылау шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.