САУРАН СЕКТОРЫНДА КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САУРАН СЕКТОРЫНДА КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Сауран секторында қала тұрғындарымен көшпелі кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, мәслихат депутаттары Тәжібек Мұсаев пен Данияр Мұсабеков, қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қаңғыбас иттердің көбеюі, түнгі жарық шамдарының жеткіліксіздігі, тұрғын үйлердің нөмірленуіндегі жүйесіздік сынды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің су, газ, электр жүйелеріндегі ақаулар мен коридорлардың тозығы жеткендігі де сөз болды.
Халық көтерген барлық ұсыныс-пікірлер тиісті сала басшыларына жолданып, бақылауға алынатын болады. Мәслихат пен жергілікті билік өкілдері тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізе бермек.