Құрметті мемлекеттік қызметшілер, қадірлі әріптестер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер, қадірлі әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – ел мен халыққа адал қызмет етудің, жауапкершілік пен әділдіктің үлгісі. Бұл салада еңбек ету – тек кәсіби біліктілікті ғана емес, сонымен қатар үлкен сабырлықты, төзімділікті және елге деген шынайы жанашырлықты қажет етеді.
Бүгінде Түркістан қаласының дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бастамалар мен жұмыстардың басында дәл осы өз ісіне адал, іскер, жаңашыл мемлекеттік қызметкерлер тұр.
Құрметті әріптестер, ел мүддесі жолындағы табанды еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге жеміс пен жетістіктер тілеймін!
Құрметпен,
Түркістан қаласының әкімі
Әзімбек Пазылбекұлы