Құрметті полиция қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрқашан үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Осы жолда сіздер күндіз-түні аянбай еңбек етіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосып келесіздер.
Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен табандылықтарыңыздың арқасында Түркістан қаласында қауіпсіздік пен тыныштық, тұрақтылық сақталып келеді. Бұл — әрбір тұрғын үшін ең маңызды құндылық.
Осынау мерейлі күні сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ел мүддесі жолындағы қызметтеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Түркістан қаласының әкімі
Әзімбек Пазылбекұлы